Қызметкерлердің біліктілігін артыру – басты назарда | arainews.kz

Қызметкерлердің біліктілігін артыру – басты назарда

283

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері білімді де білікті болуы маңызды. Осы мақсатта олардың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі дәрістер өткізіліп отырады.

Аталған дәрістер жедел-қызметтік міндеттерді табысты орындау үшін қажетті білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды игерудегі ұйымдастырылған және мақсатты процесс. Білімдерді, іскерліктерді мен дағдыларды игеру, кәсіби біліктілікті ұдайы жетілдіріп отыру барлық ҚАЖ органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеті болып табылады. Бұл дәрістер жеке құрамның қызметтік, әскери және дене шынықтыру даярлығын жоғарғы деңгейге жеткізуге, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес қатаң түрде міндеттерін тиімді орындауды үйретуге, қызметкерлердің бойында кәсіби біліктілікті, қырағылықты, қызметтік парызын орындауда жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс бұлжытпай орындауға дағдыландырады. Сонымен қатар, айрықша жағдайларда және жедел жағдайлар күрделенген кезде күнделікті жедел-қызметтік міндеттерді орындауға үнемі дайын болуын қамтамасыз етуге, бағынысты қызметкерлерді оқытуда және тәрбиелеуде, қызметтік міндеттерді іске асыруда, ғылым мен техниканы, жұмыстың үздік нысандары мен әдістерін енгізуді меңгеруде басшы құрамның біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Мұндай оқыту сабақтары Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде де тұрақты түрде өтеді. Мәселен, үстіміздегі жылдың басынан осы уақытқа дейін яғни, 13 қыркүйекке дейін мекемеде кәсіби қызметтік даярлығы бойынша барлығы – 39 дәріс өткізілді. Оның ішінде арнайы даярлық бойынша – 16  дәріс, атыс даярлығы бойынша – 3 сабақ, саптық даярлық бойынша — 3 сабақ, арнайы тактикалық даярлық бойынша – 3 сабақ, қосымша сабақтар саны — 4 сабақ және әлеуметтік құқықтық даярлығы бойынша -10 дәріс өткізілді.

Қ.А.Шоншабаев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесі

Кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және

дене шынықтыру жұмысы жөніндегі инспекторы,

әділет лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.