Құқық бұзушылықтардың алдын алу аса маңызды | arainews.kz

Құқық бұзушылықтардың алдын алу аса маңызды

70

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында жұмыс кеңесінің отырысы өтті. Депаратменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бас маманы, әділет подполковнигі Айгүл Танашеваның ұйымдастыруымен өткен жиынға департаментке қарасты мекемелердің қызметкерлері, САТжӘПЖБ ТЕҚ жөніндегі инспекторлар және аумақтық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Басқосуға, сондай-ақ, пробация кызметкерлері, мекеме психологтары, жасақ бастыктары мен көші-қон, желілік және жергілікті полиция өкілдері шақыртылды.

Отырыс барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және тұрғылықты жері бойынша жолаушылар поездары және ұшақтарымен кететін адамдарға ақпарат алмасу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қалаған  тұрғылықты жері бойынша кеткен адамдарды уақытылы есепке қою, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босату жайы сөз болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.