ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин облысқа жұмыс сапары барысында бірқатар студенттермен жүздесті.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында өткен шараға өңіріміздегі жоғары оқу орындарындағы 500-ге тарта студент қатысты. Кездесуді аталмыш университеттің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.
Мәжіліс төрағасы өз сөзінде Елбасының бастамасымен белгіленген Жастар жылының маңыздылығына тоқталып, ертеңгі ел тұтқасын ұстар – бүгінгі ұрпаққа үлкен сенім, мерейлі міндет артылып отырғанын жеткізді. Жиында студенттер Нұрлан Зайроллаұлына көкейдегі сауалдарын жолдады. Жастардың стартап-жобаларын қолдау, сырттай оқу, ауылдарға жас мамандарды тарту, студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізу тұрғысында орамды ойлар ортаға салынды.