Кореяның әйгілі режиссері Қазақстанда фильм түсірмек | arainews.kz

Кореяның әйгілі режиссері Қазақстанда фильм түсірмек

161

Оңтүстік Кореяның әйгілі режиссері Ким Ки Дук Қазақстанда фильм түсіретін болды. Бұл туралы қазақстандық режиссер Ақан Сатаев айтты.

«І Халықаралық Almaty Film Festival өзінің жемісін беріп жатыр. Бүкіл әлемге әйгілі Оңтүстік Кореяның режиссері Ким Ки Дук Алматыға тағы келді. Оның басты мақсаты — Қазақстанда жаңа фильм түсіру. Мен мақтанышпен @astanafilmfund осы жобаға қатысушы болғанын айтқым келеді», — деп жазады Ақан Сатаев өз парақшасында.

Қазақстан режиссердің хабарлауынша, кеше ол кореялық режиссермен кездесу өткізіп, түсірілім процесі, актерларды таңдау жұмысын талқылаған.

«Айта кетерлігі, фильм қазақстан ретінде таныстырылады. Барлық түсірілім жұмыстары Алматыда біздің актерлардың қатысуымен өтеді. Фильм Қазақстан мен ТМД елдеріндегі прокат үшін орыс тілінде түсіріледі. Халықаралық көрермендердің көңілінен фильм шығар деген үміттемін», — дейді Ақан Сатаев.

Айта кетсек, Ким Ки Дук әйгілі «Пьета» трилерімен Венеция кинофестивалінде «Алтын арыстан» сыйлығын алған, Сан-Себастьяндағы Халықаралық кинофестивальде топ жарған,  Брюссель Халықаралық фантастикалық фильмдер фестивалінде «Алтын Қарға» сыйлығына ие болған режиссер. «Жабайы жануарлар», «Құс тор» отелі» «Шынайы өтірік» фильмдері әлемнің бірқатар тілдеріне аударылып, көрерменнің зор ықыласына ие болған.

inform.kz

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.