Қордай ауданында 3 шағын футбол алаңы ашылды | arainews.kz

Қордай ауданында 3 шағын футбол алаңы ашылды

5

Республика күні қарсаңында Қордай ауданында 4 спорт нысаны пайдалануға берілді.

Шағын футбол алаңдарының лентасы салаттанатты түрде қиылып, ақсалдар батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты.

Атап айтқанда, Ноғайбай ауылы балаларының игілігіне шағын футбол және «Street workout» алаңы берілді.

Қордай ауылының шағынаудандарында да 2 су жаңа шағын футбол алаңы ашылды.

Бұл күні мерекеге орай жас жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтар тарту етіліп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Айта кетейік, шағын футбол алаңшаларының құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жыл соңына дейін тағы 5 шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған десек, оның төртеуі ел игілігіне табысталды.

Бұдан бөлек, 45 спорт алаңы ашылды (жоспар – 74).

Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға (2023 ж. — 64,9%), дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 41%-ға (2023 ж. — 40,2%) жеткізу жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.