Көп балалы аналар наградталды | arainews.kz

Көп балалы аналар наградталды

226

Бүгін қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов Елбасы жарлығына сәйкес наградтталған тараздық көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті. Нақтырақ айтқанда 7 және одан көп баласы бар 5 анаға «Алтын Алқа» табысталса, 6 баласы бар 27 анаға «Күміс Алқа» берілді.

«Алтын алқа» белгісі ҚР ордені мәртебесіне ие. Қала басшысы алтын құрсақты батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан — барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы.

Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» марапаттау туралы ҚР Президентінің 2016 жылғы 21 шілдедегі №303 Жарлығына сәйкес аналарға алтын және күміс алқаларымен қатар орден кітапшалары берілді. Жеті балалы болып, тәрбиелегені үшін Калменова Индира, Каюмова Турсуной, Наурызымбетова Амангул, Сейтказиева Куралай, Тажибекова Салтанат «Алтын алқа» табысталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.