ҚАЖ саласының ардагерлері марапатталды | arainews.kz

ҚАЖ саласының ардагерлері марапатталды

1 027

Аға буынның жинақтаған тәжірибесін, білігін, парыз бен намыс ұғымын сақтап, жеткізу — келешек ұрпақтың алдағы жетістіктерін одан әрі дамыта түсетін негізгі бастау. Әсіресе Қылмыстық-атқару жүйесі саласының өсіп келе жатқан буынына патриоттық және адамгершілік тәрбие беру аса маңызды.

Осыған орай бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, еңбек демалысына шыққан ҚАЖ ардагерлері жиналып, жас қызметкерлермен кездесті.

Жиын барысында сөз алған департамент бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Қосжанов саладағы қызметтің жоғары деңгейде болуы үшін ұрпақтар сабақтастығын сақтап, аға буын мен жас қызметкерлер арасындағы тәжірибе алмасудың орны зор екеніне тоқталды. Сонымен қатар сала ардагерлері де қызмет бабындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, қажет болған жағдайда қол ұшын созуға даяр, ақыл-кеңес беруге әзір екендерін жеткізді.

Кездесу еркін және салиқалы сұхбат түрінде өтіп, Қылымыстық-атқару жүйесінің өскелең ұрпағы елге қызмет ету үшін қажетті тәжірибені бойға сіңіруге біршама мүмкіндік алды.

Содай-ақ осы күні департамент бастығы Жаныбек Жамалбекұлы сала ардагерлерін арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, ҚАЖ қызметіне жаңадан кіріскен ұрпақты тәрбиелеуге қосып жатқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.