ҚАЖ қызметкерлеріне арнайы атақтар тапсырылды | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлеріне арнайы атақтар тапсырылды

1 215

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты № 25 мекемеде бірқатар қызметкерлерге арнайы атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Шараға мекеме басшылығы және жеке құрам қатысты.
Жиын барысында мекеме бастығының орынбасары, әділет подподполковнигі Әміржан Дәулетқұлов сөз алып, ел билігі қолдауының нәтижесінде ҚАЖ қызметкерлерінің әлеуметтік-материалдық әл-ауқатын көтеру мақсатында барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

– Қызығы мен қиындығы қатар жүретін Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлеріне деген қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғысымыз мол. Сонымен бірге осыншалықты қамқорлық бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан ҚАЖ саласының қызметкерлері еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өз қызметіне адал болып қала береді. Алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етіп, қазақстандықтардың тыныштығын қорғайды, антқа адалдықтарын көрсетіп, қызметтік міндеттерін үлгілі және жауапкершілікпен атқарады деп сенемін, – деді өзінің құттықтау сөзінде Ә. Дәулетқұлов.

Сондай-ақ, арнайы атақ алғандар қызметкрелерге погонын тапсырып, алдағы қызметтерінде абырой тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.