ҚАЖ қызметкерлері COVID-ке қарсы екпе салдырды | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері COVID-ке қарсы екпе салдырды

137

Өңірлік ҚАЖ департаментінің басшылығымен жеке құрам және қалалық пробация бөлімдерінің қызметкерлері Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.

Алғашқылардың бірі болып екпе салдырған департамент бастығының орынбасары Бекболат Ескеев қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді әдіс бүгінде жаппай вакцина салу екенін атап өтті.

— Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана вирусты жеңіп, қалыпты тұрмыс-тіршілікке қайта оралатынымызға сенім мол. ҚАЖ қызметкерлері вирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы. Бүгінгі таңда вакцина салдырған қызметкерлердің хал-жағдайы жақсы. Ешқандай кері әсері жоқ. Сол себепті, алып-қашпа әңгімеге сенбей, мейлінше тезірек вакцина салдырған жөн, — деді Б.Ескеев.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.