Қазақстандықтар жұмыс беремін деген еуропалық алаяқтарға ақша аударған | arainews.kz

Қазақстандықтар жұмыс беремін деген еуропалық алаяқтарға ақша аударған

162

Алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орнын ұсынған.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінен Еуропадағы алаяқтық тәсілдер туралы ақпарат келіп түскенін мәлімдеді.

«Ақпаратқа сәйкес алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін алдын-ала ақшалай қаражат аударуды сұрайды. Талап етілген ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпайды», — делінген ІІД таратқан хабарламада.

Осыған орай Жамбыл облысы ІІД аталған деректердің алдын алу мақсатында жергілікті халықты күдік тудыратын веб-сайттар мен әлеуметтік желілерден сақ болуға шақырады.

 baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.