27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді.
Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды. Олар:
Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)
Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)
Әділхан Қозыбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).
Еске сала кетсек, Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алған болатын.