«Қазақ ауылы» этно жобасы шетелдіктерді тамсандырды | arainews.kz

«Қазақ ауылы» этно жобасы шетелдіктерді тамсандырды

437

Облысымызға 19 мемелкеттен келген туристерге «Төрткүл» керуен сарайы кешенінда жасалған «Қазақ ауылы» этно жобасы таныстырылды. Онда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Негізінен «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері», «Қолөнершілер» секторлары келуші меймандарға қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті.
Жиылған жұрт алдында сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Саржанұлы:
–Екі мыңнан жылдан аса тарихы бар Тараз жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында этно ауыл жобасы тұңғыш рет өткізіліп отыр. Қазақ елін әлемге танытқан таланттарды, қайраткерлерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ауыл – біздің анамыз, -деді алтын бесігіміздің құндылығын сипаттап.
Алыс-жақын шет елдерден келген туристер қазақтың болмыс-бітімін танытатын тұрмыстық бұйымдары мен өнер-мәдениетіне тәнті болып, таңданыстарын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.