Қайрат Досаев жолдардың жағдайымен танысты | arainews.kz

Қайрат Досаев жолдардың жағдайымен танысты

870

Бүгін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қаланың жолдарының жағдайымен танысуға демалыс күнін арнайы арнады. Бірінші жолаушылардың наразылығын тудырып отырған «Ауыл-Береке» базарына баратын жолмен жүріп өтті. Сыпатай батыр көшесі арқылы Малогвардейская көшесіне жылу құбырын жүргізіп отырған мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-нің басшысымен екі күн уақыт ішінде базарға баратын жолды техникамен тегістеп, қиыршық тас төсеуді тапсырды. Аумақтық округтің инспекторы Е.Бұралқиевқа жол бойындағы жабайы жарнамаларды алып тастау, қоқыстардан тазалау жұмыстарына «бюджеттен қаражат қажет етпейтіндігін» нықтап айтты. Сонымен қатар жол бойында 15-ке жуық ашық люктерді көріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С.Жұманқұлға қала бойынша ашық люктерге түгендеу жұмыстарын жүргізуді,бір апта ішінде жол бойындағы шөптерді шауып, талдарды балақтауды тапсырды.
Келесі кезекте «Барысхан» тұрғын аумағында су құбырын жүргізіп, жұмыстарды аяқтамаған «Сұңқар 2002» ЖШС-нің басшысымен кездесті. Мердігер жұмыстарды жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес атқарған. Жолдарға 2017 жылы қиыршық тас төселген.Алайда қалпына келтіру жұмыстары жобада қарастырылмаған. Шаһар басшысы мердігерге қоғамдық көліктер алқаптың көшесіне кіру үшін жолдардың арнайы техникамен контурын шығарып беруге тапсырма берді. Одан кейін шағал төселетінін жеткізді. Бұл алқапта «Пыраққұрылыс» ЖШС-гі электр желілерін жүргізген. Екі апта ішінде көше жарығы қосылуға дайын.
«Бурыл» тұрғын алқабында да болып мұндағы Қасымбеков, Естемесов көшелерінің тұрғындарының өтініші № 54 мектепке баратын жолына шағал төсеуге тапсырма берілді. Қала әкімі жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 15 шағын ауданның және Сабалақов көшесінің соңындағы 255 коттеждік үйлердің құрылыс жұмыстарымен де танысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.