Қасым-Жомарт Тоқаев кадр резервіне енген жастардың кеңесіне құлақ аспақ | arainews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев кадр резервіне енген жастардың кеңесіне құлақ аспақ

192

Президент кадр резервінің жастар арасында кең қолдау тапқаны қуантады. Бұл туралы Ақордада кадр резервіне енген жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Президенттің кадр резервін құру бастамасы — менің сайлауалды бағдарламамның негізгі тармақтарының бірі болғанын білесіздер. Оның жас қазақстандықтар арасында кең қолдау тапқанына қуаныштымын. Білімді, еңбекқор, отаншыл жастар — еліміздің тұрақты дамуы мен прогресінің басты қозғаушы күші саналады», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, резервке алынған әрбір жас өздерінің кәсіби құзыретінің деңгейі жоғары екенін көрсетіп, мемлекеттің игілігіне жұмыс істеуге шынайы ұмтылатынын дәлелдеп берді.

«Сондықтан барлығыңызды жеке кездесіп, еліміз үшін өзекті мәселелерге қатысты пікірлеріңізді білу және кадр резервіне қатысушылардың алдында тұрған міндеттерге қатысты өз пікірімді білдіру үшін шақырдым. Бүгін сапалы пікір алмасу болатынына үміт артамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.