«Канелоның» GGG-мен айқасы алдындағы допинг-сынамасының нәтижесі белгілі болды

WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен екінші айқасының алдындағы кезекті допинг-сынамасының нәтижесін жария етті.

«WBC қазір ғана VADA-дан «Канелоның» 13 шілдеде тапсырған допинг-тесті туралы есепті алды. Теріс нәтиже берді», — деп жазды ол туиттерде.

Еске салайық, Альварестің ақпанда тапсырған допинг сынамасынан екі рет кленбутерол табылып, алты айға шеттетілген еді. 5 мамырға жоспарланған Головкинмен рематчы кейінге қалдырылды. Енді ол 15 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтеді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.