К. Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның 50 жылдығына орай мерекелік шаралар өтеді

166

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай, мекеме мерейтойды тойлау, филармонияның тарихында өшпес із қалдырған өнерпаздарды таныстыру, Әулиеата өңірінің абыройын арттырып, келер ұрпаққа мұра қалдыру мақсатында дүбірлі той өткізуді жоспарлап отыр.

Бағдарламада:

30 қыркүйек сағат 09.00-де: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ықпалымен, «Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымының» филиалы» қолдауымен, Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы аясында  ерлер арасында «СПОРТ. ШАБЫТ. БӘСЕКЕ» атты шағын футболдан турнир өтеді.

Турнирге қатысуға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер, Қалалық мәдениет үйі, БАҚ өкілдері, қала өнерпаздары қатысады.

Турнир нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын алған командаларға Дипломдар, бағалы сыйлықтар, белсенділік танытқан командаларға филармония директорының, Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрайымының Алғыс хаттары тапсырылады. Турнирге 8 команда қатысуға өтініш білдірді.

4 қазан, сағат 17.00-де: «Баласағұн» орталық концерт залында «Ән қанатындағы Әулиеата» атты кітабы мен «Әуені әсем Әулиеата» атты CD жинақтың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Арнайы шақыртылған құрметті қонақтар тізімінде Төрткен Кененқызы, Бақытжан Кененұлы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бар. Сонан соң «Әуені әсем Әулиеата» атты мерекелік гала концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Жамбыл қаласында Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1967 жылғы 25 қарашадағы қаулысы негізінде Жамбыл облыстық кеңесі еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің 1968 жылғы 30 қаңтарда шешімімен құрылды. 1997 жылғы қаңтар айының 15 жұлдызынан бастап облыстық филармония «Баласағұн» орталық концерт залының ғимаратында өз жұмысын жүргізіп келеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.