Ғалымдар әжімнен құтылудың жолын тапты

 Ғалымдар әжімнің пайда болу және шаштың түсу механизмін іске қосатын геннің матуциясын анықтады. Бұл туралы әлімдік БАҚ жазып жатыр, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі baq.kz  сайтына сілтеме жасап.

Зерттеудің толық нәтижесі Cell Death & Disease журналында жарияланған. Доктор Кешав Сингх пен оның Аламабама университетінен (Бирмингем) жинақталған командасы митохондрия функциясын зерттеген. Митохондриялар жасушаларға энергия бөледі, бірақ олардың функциясы өшкенде, қартаю процесі басталады. Ғалымдар осы функцияға ядролық геном әсер ететін анықтаған. Дәл осы геномнан мутация табылған.

Белта порталының мәліметінше, тәжірибелер зертханалық тышқандарға жасалған. Бастапқыда зерттеушілер жануарлардың митохондрия белсенділігі төмендеген кезде қандай реакция беретінін бағылаған. Тышқандар әлсіреп, терілерінде әжім пайда болып, жүндері түсе бастаған. Одан кейін ғалымдар ген мутациясын тоқтатқан. Сол кезде жануарлардың терісі жалтырап, жүндері қайта өсе бастаған және де белсендігі артқан.

Бұл жаңалық сұлулық индустриясында революция жасауы мүмкін. Сарапшылар бұл жаңалық ғалымдарға митохондрия функциясын күшейтіп, қартаю процесін тоқтататын дәрі-дәрмек жасауға мүмкіндік береді деп үміттеніп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.