Футзал: «Қайрат» португалдардың «Спортинг» командасын жеңді | arainews.kz

Футзал: «Қайрат» португалдардың «Спортинг» командасын жеңді

114

Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясындағы екінші матчын «Қайрат» португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өткізді.

Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларусьтік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түскен.

Барлық ойындар Косовода өтіп жатыр.  Пауло Рикардо Кака шәкірттері бірінші матчын жуырда алаң иелері «Феникс» командасына қарсы өткізіп, 3:7 есебімен жеңген.

Ал бүгін төртінші топтың тағы бір фавориті «Спортингпен» күш сынасты.

Аса тартысты өткен кездесу 2:1 есебімен алматылықтар жеңіске жетті. Осылайша «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды. Топтағы соңғы ойын топ көшбасшысын анықтайтын болады.

Чемпиондар Лигасы. Футзал.

АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия) — 2:1 (2:1)

«Қайрат» сапынан гол соққандар:

Тайнан (5 минут), Песс Перейра (12 минут).

Негізгі құрам: Игита (Қ), Ранжел, Джон Леннон, Диего Фаверо, Нұрғожин.

Қосалқы құрам: Дуду, Жаманқұлов, Эдсон, Сүлейменов, Тайнан, Тұрсағұлов, Тайеби, Оразов, Есенаманов.

Бас бапкер: Кака

«Қайрат» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:

03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат» — 3:7

04.10.2018. 23:00. АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия) — 2:1

06.10.2018. 23:00. «Лида» (Беларусь) – АФК «Қайрат».

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.