Парижге жақын орналасқан Сержи муниципалитетінің тұрғындары 24 сәуірде өткен сайлауда екінші мерзімге қайта сайланған Франция президенті Эммануэль Макронға қызанақ лақтырды деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Оқиға Макрон күзетшілермен бірге жергілікті базарда жиналған адамдардың арасынан өтпек болған кезде болды. BFMTV жариялаған видеода бірнеше қызанақтың Макронның басынан қалай ұшып өткені көрсетілген.
Осыдан кейін жиналғандардың арасынан бір ер адам «снаряд» деп айқайлап, Макронның күзетшілері оны алдымен қолдарымен, содан кейін қара қолшатырмен көлегейлеуге тырысты.
Арнаның мәліметінше, оққағарлар мемлекет басшысын жақын маңдағы базар дүңгіршегіне апарып, ол жұрт саябырсығанша бірнеше минуттай сол жерде болған.
Тағы бір видеода Макронның үстінен қолшатыр ашқаннан кейін бір ер адамның үстелге көтеріліп, президент бағытына қарай секірмек болғаны көрсетілген.