Филология ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әшенұлы Байтелиев атындағы аудитория
Байтелиев атындағы аудитория
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Журналистика және филология кафедрасында «Алтай Әшенұлы Байтелиев атындағы аудитория» мәдени-ағартушылық аудитория ашылады. «Аудиторияға» келушілер оқуға, білім алуға немесе ПОҚ-пен ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуге, сондай-ақ дәрістерге, танымдық іс-шараларға, кураторлармен, зерттеушілермен және танымал тұлғалармен шығармашылық кездесулерге қатыса алады. Ашылу 2024 жылдың 24 қазанда сағат 10:00-де (3 қабат) өтеді.
Өтетін мерзімі: 24 қазан, 2024 жыл, сағат: 10:00
Өтетін жері: Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Филология және гуманитарлық ғылымдар кешен, Журналистика және филология кафедрасында (3 қабат) өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті Филология және журналистика кафедрасы
Қатысушылар: Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, Ақпарат және медиакоммуникация орталығының өкілдері, БАҚ өкілдері.
М.Х.ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА АУДИТОРИЯНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫ
ІС-ШАРАНЫ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ:Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, 2.6.323 аудитория
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Қарымбаева Кульзинат Мейрамбаевна.
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Тараз өңірлік М.Х. Дулати университеті бұл — 1998 жылдан бері білім беру саласында жұмыс атқарып келе жатқан беделді оқу орны. Қазіргі таңда 12984 студент білім алып, Қазақстан мен шетелден келген үздік оқытушылар дәріс береді. Жаңа аудитория Алтай Әшенұлы Байтелиев атына берілді. 1979 жылдан бері бұрынғы Жамбыл педагогикалық институты, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры болды. 150-ден аса ғылыми мақалалары, 3 монографиясы, 5 оқу құралдары, 1 сөздігі жарық көрген. Алтай Әшенұлы Байтелиевтің еңбектері студенттерге арналған әдістемелік құралдарды әзірлеуге, филология факультетінің білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол педагог ретінде Дулати университетінің ғылыми жобалары мен қазақ тілі бойынша зерттеулерге белсене араласқан, оның жетекшілігімен бірнеше оқу бағдарламалары әзірленген.
Журналистика және филология кафедрасындағы студенттерге арналған жаңа 2.6.323 аудиторияның мақсаты — студенттерге сапалы білім беріп, олардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған кеңістік ұсыну. Бұл аудитория зерттеулер жүргізуге, аналитикалық жұмыстар мен практикалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді.
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР БАЙТЕЛИЕВТІҢ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯНЫҢ АШЫЛУ СЦЕНАРИІ
Мерзімі: 24.10.2024
Уақыты:10:00
Өтетін орны: Дулати университеті, 2.6.323 аудитория
Аудиторияның ашылу іс-шарасын жүргізетін
Темірбай Мұқашев
№
УАҚЫТЫ
СПИКЕРЛЕРДІҢ АТЫ-ЖӨНІ, ҚЫЗМЕТІ, ТАҚЫРЫБЫ
1
10:00
Қонақтарды қарсы алу
(Музыка қойылып, ұлттық киім киген студент қыздар қонақтарды қарсы алады)
2
10.00-10.15
Аудиторияға жиналу, лента қию рәсімі
(Университет ректоры мен Алтай Әшенұлының жұбайы лента қияды, шашу шашылады-Құламанова З)
3
10.15-11.15
Келген қонақтарға сөз беріледі
1) Университет ректоры Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов
2) Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Рахым Айтбекұлы
3) Физика ғылымдарының кандидаты, доцент -Алтынбек Наурызбаев
4)Философия ғылымдарының кандидаты, профессор – Тәуекел Жаңақұлов
5)Тарих ғылымдарының докторы, профессор — Абдуалиев Асқар
6)Педагогика ғылымдарының докторы, профессор — Сарыбеков Махметқали
7) Филология ғылымдарының докторы, профессор — Құлбарақ Сәмен
8) Дәден Қиялбекова Алтай Байтелиевтің жұбайы
(Кафедра атынан Дәден апайға басына орамал тартылып, иығына шапан жабылады)
Тұсаукесер: Филология ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әшенұлы Байтелиевтің естелік кітаптары
4
11.15-11.45
Аудиторияны тамашалау, естелік суретке түсу, қорытынды