Бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі — ол сотталғандарды жаза өтеу мерзімі кезіңде жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек еткізу арқылы біз олардың қоғамға керек екендігін мойындату.
«Адамды адам ететін — еңбек» деген қазақта аталы сөзді еске алып, сотталған азаматтарды жұмысқа тарту мәселесінің маңыздылығына аса назар аударып, «25» мекемесінің өндіріс аумағына жеке кәсіпкерлерді бірлескен келісіммен РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырудамыз.
Осы шақырумен «Аsimus» жеке кәсіпкері келіп, кереует матрастарына салынатын пружиналарды жасау бойынша жұмыс орнын ашты. Аталған жұмыс орынында 10 сотталған ақылы жұмыспен қамтылған. Өз кезегінде жеке кәсіпкер шеберлері сотталғандарға жаңа жұмыс түрін үйретіп, алғашты өнімдерін жасап, қолданысқа алуда.