Ең үздік безендірілген кабинет анықталды | arainews.kz

Ең үздік безендірілген кабинет анықталды

58

Жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмастық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде «Ең үздік безендірілген кабинет» атты конкурс ұйымдастырды. Бұл конкурсқа арнайы құрылған комиссия мүшелері – мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Бекзат Ортаев бөлімнің безендірілуін тексерді. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Қаржы бөлімі үздік деп танылды. Бұл шара ҚАЖ қызметкерлерінің мерекелік көңіл күйін көтеруге арналған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.