Елімізде тұрақты қорлардың жайы қандай? | arainews.kz

Елімізде тұрақты қорлардың жайы қандай?

94

Еліміздің әр өңірі де қысқа қамданып, бағалардың тізгінін тартуға әзірленіп жатыр.

Мәселен, Ақтөбе облысы 250 тонна қант, 1 мың 880 тонна картоп пен өзге көкөністі дайындап отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 380 тоннаға көп. Батыс Қазақстан да қалыс қалмай нарық бағасынан 20 пайыз арзан болатын азық-түлік қорын жасақтап отыр. Алматы облысының қорында тауар жеткілікті. Алайда қазан айында қант, күріш, картоп, көкөністің қыстық қорын толтырамыз дейді. Жамбыл өңірінде азық-түлік қорын сатып алуға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатында 2 мың 900 тонна қант, 100 тонна ұн бар. Қарағанды облысы тұрақтандыру қоймаларындағы қор 275,5 тонна тауардан тұрады. Оның 207,5 тоннасы қант. Қызылорда өңірінде 3 мың тонна азық-түлік қоры жасақталған. Облыста 21 әлеуметтік дүкен ашылған. Тағы 16-сы келер жылы іске қосылмақ. Сол сияқты Түркістан, Қостанай облыстары да қорларын түгендеп, қазан айында оны тағы да толтыра түспек.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.