Елге заңсыз енгізілмек болған азық-түліктер тәркіленді | arainews.kz

Елге заңсыз енгізілмек болған азық-түліктер тәркіленді

143

Мемлекеттік инспекторлар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген карантиндегі өнімдерді елге заңсыз енгізудің алдын алды.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі көрші елдерден заңсыз енгізілмек болған өнімдердің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Заңбұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Ал өнімдер кері елдеріне қайтарылды. Барлығы 29 әрекет анықталған. Жалпы өнім көлемі 165,5 тонна. бұл заттардың барлығы карантинге енген өнімдер еді және зор фитосанитарлық қауіп төндіреді. Тәркіленген заттар арасында — ресейлік бидай, Қырғызстаннан алма мен жүзім, Өзбекстаннан құрма.

ustinka.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.