Елдос Сметов Азия ойындарындағы жарақатынан соң татамиге оралды | arainews.kz

Елдос Сметов Азия ойындарындағы жарақатынан соң татамиге оралды

186

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды.

Рейтингтегі үздіктер қатысатын турнирге Қазақстан ерлер командасы мықты құраммен аттанды. Әбу-Даби татамиінде әлем чемпионы Елдос Сметов, биылғы әлемдік сынның күміс жүлдегері  Ержан Серікжанов, Азиада чемпионы  Дидар Хамзалар  күреседі.

Айта кетелік, Джакаратадағы Азия ойындарындағы жарақатынан соң команда үздігі Елдос Сметов алғаш рет ірі жарысқа қатыспақшы. Сметов Бакудегі әлем чемпионатынан да сырт қалған болатын.

Еске салсақ, Жакартада өткен Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастады. Дегенмен, екінші айналымда Солтүстік Корея спортшысынан ұтылып, жарақат алып қалған еді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.