Дінтанушылар 3 апта бойы білімдерін жетілдірді | arainews.kz

Дінтанушылар 3 апта бойы білімдерін жетілдірді

263

Қазіргі таңда елімізде діни сауаттылықты арттыру – өте өзекті мәселелердің бірі. Дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенділігі, діни экстремизм мен терроризмнің өршуі, жастардың діни сауатсыздығы секілді жайттар азаматтардың теріс жолға түсіп, адасуының негізгі алғышарттары болып отыр.

Аталған мәселелермен күрес жолында дін саласындағы мамандар мен теологардың үлесі зор. Өйткені, қазіргі жаһандану процесі кезінде әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Бүгінгі әлеуметтік жағдайда елімізде белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген қажеттілік бар. Сол себептен, Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзекті болып қала бермек.

Осы орайда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, және Ақтөбе қалаларында теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстары өткізілді.  «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырған жоба барысында Нұр-Сұлтан қаласында 80, Алматы қаласында 80, Ақтөбе қаласында 30 теолог пен дінтанушы мамандар білім алды.

Жоба аяқталған соң қатысқан 190 дін саласындағы маманға сертификат табысталды. Оқыту курсына қатысқан қатысушылар курс барысында жинаған білімдерін алдағы уақытта өз өңірлерінде жұмыс жасау барысында пайдаланатын болады.

Түрлі жат ағымдар жастарымызды алдап, арбап, қатарларына тартып жатқан тұста діни білім беру ісін жетілдірудің маңызы зор. Сондықтан бұл жиынның қазақ қоғамы үшін маңызы жоғары болды десек, артық айтқандық болмас.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.