«Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша»
Теріс діни ағым тәуелділігінен құтылғаннан кейін де отбасындағы қолайлы жағдай мен психолог маманның көмегіне қарамастан теріс діни ағым мүшесі әлеуметтік ортаны бөтенсіп, томаға тұйық болып күй кешеді. Мұндай адамның әдеттегі қиындықтары төмендегідей.
— жеке бас ерекшеліктерінің бұзылуы,
— үнемі торығу (депрессия) болу;
— өз бетінше шешім қабылдай алмау;
— өзін-өзін бақылаудан және табиғи еркінен айырылу;
— жан жарақатынан кейінгі күйзелістен, жабырқаушылықтан арыла алмау;
— баяу психолгиялық даму;
— психологиялық жағдайдың нашарлауы, сонымен қатар галюцинациялардың, үрей мен мазасыздық, бағытынан адасу, паранойя, ішкі қайшылықтарға толы болу;
— теріс діни ағым мүшелерінен басқа адамдармен достық қарым – қатынас орната алмау.
Іріткі салушы діни ұйымдардың қатарынан шығу өте қиын, шыға қалған күннің өзінде де екі ортада дел–сал күй кешуі заңдылық. Бұл теріс діни ағымға қайта оралудың бірден–бір жолы. Тоталитарлық секталардың бұрыңғы мүшесіне кері діни ұйымда өткізген уақытында туындаған психологиялық қорқыныштан арылуына және тәуелсіз шынайы орта мен толыққанды өмірге оралуына жан–жақты көмек көрсету тек оның туыстары мен жақындары ғана емес, сонымен қатар қоғамның міндеті болып табылады.