Цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда | arainews.kz

Цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда

433

Жамбыл облысы халқының 60 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан, өңірде Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ ұйытқы болуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталықтары мен ауылдық округтерде цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда. 

Мәселен, қазірдің өзінде 7 ауылдық кітапхананың базасында осындай орталықтар құрылды. Ал қыркүйек айының соңына дейін 30 орталық тұрғындарға қызмет көрсететін болмақ. Биыл оның санын 60-қа жеткізу жоспарланып отыр. Ал келер жылы облысымыздағы барлық 288 кітапхана толық қамтылмақ.

Айта кетейік, әрбір орталық компьютермен және интернет желісімен жабдықталған. Яғни, орталық мамандары тұрғындарға Еgov.kz электрондық үкіметі арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беретін болады. Ал жыл соңына қарай несие, тұқым алуға, сонымен қатар, ұл-қызын ЖОО, колледжге, түсіру үшін қандай құжаттар жіберу керектігі жайлы да ақпарат бере алады. Бұл алыс ауылдардағы ағайын аудан орталығына барып, уақыт жоғалтпайды деген сөз.

Сондай-ақ, цифрландырылған орталықта жұмыс істейтін (кітапханашы) маманның біліктілігін арттыру мақсатында «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-де түрлі оқыту семинарлары өтеді. Біліктілігін жетілдірген қызметкер облыстық басқарма мамандары мен бірлесіп, өзі жұмыс жасайтын ауданда немесе ауылда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, «Телеграм» әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашылып, цифрландырылған ақпараттық орталықтың барлық жұмысшылары және облыстық басқармалардың бір-бір өкілдері қосылады. Ондағы мақсат – егер, маман сан түрлі салаға қатысты қойылған сұраққа жауап бере алмайтындай болып жатса, «Телеграмда» ашылған чатқа жазып, тез арада қажетті ақпарды бере алады.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы мемлекеттік кітапханаларында коворкинг орталықтары мен цифрландырылған ақпараттық орталықтары ашылды. Атап айтар болсақ, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Бродкастинг” залы, ал “Коворкинг” орталықтары Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, Жуалы аудандық орталық кітапхана, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық кітапхана, Меркі аудандық орталық кітапхана, Талас аудандық орталық кітапхана және Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада оқырмандарға қызмет етуде. Сондай-ақ, 23 цифрландырылған ақпараттық орталықтар бар. Олар:

  1. Ш.Уәлиханов ат. ОӘҒК
  2. Тараз қаласы Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана
  3. М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана
  4. № 5 филиал қалалық кітапхана
  5. №6 филиал қалалық кітапхана
  6. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық кітапханасы
  7. Байзақ ауданы Дихан ауылдық кітапханасы
  8. Жамбыл ауданы орталық кітапхана
  9. Жамбыл ауданы Гродеково ауылдық кітапханасы
  10. Жуалы аудандық орталық кітапхана
  11. Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық кітапханасы
  12. Қордай ауданы орталық кітапхана
  13. Қордай ауданы Әлжан ана ауылдық кітапханасы
  14. Мойынқұм ауданы орталық кітапхана
  15. Т.Рысқұлов ауданы орталық кітапхана
  16. Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық кітапханасы
  17. Сарысу ауданы орталық кітапхана
  18. Сарысу ауданы Жайылма  ауылдық кітапханасы
  19. Талас ауданы орталық кітапхана
  20. Талас ауданы Есейхан ауылдық кітапханасы
  21. Шу ауданы орталық кітапханасы
  22. Шу ауданы № 2 қалалық кітапханасы
  23. Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық кітапханасы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.