«Бүкіл табысымды әйеліме беремін» — Ақтөбе облысының әкімі | arainews.kz

«Бүкіл табысымды әйеліме беремін» — Ақтөбе облысының әкімі

137

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отбасы азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айта алмады деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Ақтөбеде әйелдер өңірдегі қымбатшылыққа байланысты әкімнің алдына жиналған. Олар шай, май, қант, макарон, картоптың арзандауын сұрады.

«Өзімнің бүкіл табысымды жолдасыма беріп қоямын. Банк картасын пайдаланатын да сол кісі», – деді Оразалин.

Әкім азық-түлік қымбаттап жатқанын мойындаған, тек сырттан келетін көкөніс, қант пен майдың құнын тұрақтандыра алмай отырғанын айтқан.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.