Бүгін күн күрт суытып, дауыл соғады | arainews.kz

Бүгін күн күрт суытып, дауыл соғады

56

Антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда оңтүстік циклон және оған ілесіп келетін фронт әсерінен елдің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.

Кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман түседі.

Түнде Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-7 градусқа дейін үсік жүреді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.