Брюссельде Нұрсұлтан Назарбаев пен Бельгия Королінің кездесуі өтуде | arainews.kz

Брюссельде Нұрсұлтан Назарбаев пен Бельгия Королінің кездесуі өтуде

127

Бельгиядағы Корольдік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Королі Филиппен кездесуі өтіп жатыр.

Тараптар саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың басты аспектілерін талқылайтыны күтіледі. Еске сала кетейік, Мемлекет Басшысы Брюссель қаласына «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысу үшін келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді, сондай-ақ еуропалық іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

 inform.kz 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.