Жамбыл облысында Бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілді | arainews.kz

Жамбыл облысында Бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілді

259

Облыс прокуратурасы жанындағы Құқықтық мониторинг орталығында облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың, кәсіпкерлер Палатасы басшылығының, сондай-ақ кәсіпкерлер қауымдастықтары қатарынан шақырылған сарапшылардың қатысуымен бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық Кеңестің отырысы өткізілді.

Карантиндік кезеңде бизнесті мемлекеттік қолдау және өңірдің аграрлық бағдары  мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша гранттар беру және егін егу барысында шаруаларды жеңілдетілген отынмен қамтамасыз ету заңдылығының жай-күйін талдау нәтижелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар әзірленді.

Кәсіпкерлердің өтініштері негізінде жедел шаралар қабылдау және осы саладағы заңдылықты қамтамасыз ету үшін Құқықтық мониторинг орталығының базасында бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің өкілдігі тұрақты негізде жұмыс істейді.

Тек ағымдағы жылдың өзінде облыс прокуратурасымен 5,5 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Прокурорлар ҚР Бас Прокуроры қойған міндеттерді орындау аясында бизнестің жүйелі проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Бизнесті қорғау бойынша тиісті жұмыстар кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Жол картасына сәйкес мүдделі органдармен де жүзеге асырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.