Біздің мақтанышымыз! | arainews.kz

Біздің мақтанышымыз!

219

Күнделікті қарбалас жұмыстан уақыт тауып спортпен айналысу – үлкен төзімділікті, ізденіс пен жігерлілікті талап етеді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері әділет кіші сержанттары Бақытхан Жанқоев, Айдана Саматова осы үдеден шыға білуде.

Спортпен шұғылдануды парыз санайтын олар бұған дейін күштік құрылымдар арасында өткен облыстық, республикалық жарыстарда біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ал олардың қызмет пен спортты қатар алып жүруіне аталған мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Бақтияр Махатов бар жағдайды жасауда.
Жалпы, бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлерінің негізгі жұмысы — жаза мерзімін өтеп жатқан азаматтардың мінез-құлқын қадағалау, бақылау жүргізу болып табылады.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.