Жыл басынан бері Колумбияда Венесуэладан қоныс аударған 300 мигрант қаза тапты.
Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 жарым есе артық. Айта кететін жайт, олардың жартысынан көбі адам қолынан қаза тапқан.Ресми дерекке сүйенсек, Венесуэладан күніне 5 мың тұрғын Колумбияға бас сауғалап қашады. Қазір мұнда миллионға жуық босқын қоныстанған.
Сарапшылардың айтуынша, Венесуэла 2021 жылға дейін экономикалық дағдарысты еңсермесе, бұл көрсеткіш 4 есе артуы мүмкін.
Айта кетейік, Венесуэланы саяси және экономкалық дағдарыс шарпығанына бірнеше жыл болды. Осыдан 50 жыл бұрын республика Латын Америкасындағы ең бай елдердің бірі саналған. Венсуэла — қара алтын қоры ең көп мемлекеттің бірі.