Байзақ ауданында алғаш рет республика деңгейіндегі «Кітап-Amanat» кітап орталығы ашылды | arainews.kz

Байзақ ауданында алғаш рет республика деңгейіндегі «Кітап-Amanat» кітап орталығы ашылды

49

Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір, яғни руханият ордасының ашылу салтанатына «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов пен орынбасары Алмас Ахметбекұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлы, жазушы-драматург Елен Әлімжан ағамыз бен өңірдің зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Жиында «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов оқырмандарға есігін жаңадан ашқан «Кітап-Amanat» кітап орталығы тек кітап сататын орын емес, сонымен қатар нағыз мәдени-ағарту орталығына айналуы тиіс екенін жеткізді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов осыған дейін автор, баспахана, кітап дүкендері мен кітапхана арасындағы байланыс үзіліп қалғанын тілге тиек етіп, «Amanat» партиясының «Кітап-Amanat» жобасы осы олқылықтың орнын толтырып жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президентінің орынбасары Алмас Ахметбекұлы бүгінгі қоғамда барлық дүниенің саудасы қызып тұрғанымен кітап саудасы мүлде жоқ екенін өкінішпен атап өтті.

Өз кезегінде жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақындар Үміт Битенова мен Қасқырбай Нарбатыров бұл бастамасының оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болатынына үлкен сенім білдіріп, руханият ордасына айналғалы тұрған кітап орталығымыздың алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ал, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлы «Кітап-Amanat» жобасының тиімді тұстарын атай келе, өзінің «Кітап» өлеңін тебірене оқып берді.

Айта кетейік, «Кітап-Amanat» кітап орталығы тек кітап сататын орын емес, сонымен қатар нағыз мәдени-ағарту орталығына айналмақ. Ол үшін партия облыстық филиалы барынша жұмыс жасап, алдағы уақытта орталықта отандық жазушылар, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылауларын ұйымдастыратын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.