Байбек судья болып тағайындалды | arainews.kz

Байбек судья болып тағайындалды

622

Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы №768 қаулысымен Жанар Байбек Астана қалалық сотының судьясы болып тағайындалды. Құжатта «Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Байбек Жанар Кенжеқарақызы Астана қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалсын» делінген. Жанар Кенжеқарақызының Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің зайыбы екенін естеріңізге сала кетейік. Бес баланы өмірге әкелген ардақты ана осыған дейін сәби күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған болатын. Сондай-ақ Есіл аудандық сотының судьясы қызметін атқарған. Жанар Байбек ханымды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз!

aikyn.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.