Баспанамен қамту — басты назарда | arainews.kz

Баспанамен қамту — басты назарда

2 328

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Мұқтаж жандарды баспанамен қамту сайып келгенде олардың тұрмысын түзету, әлеуметтің әлеуетін арттыруға мұрындық болу. Бұл ретте Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көптен бері жарамсыз, бос-қаңырап тұрған көпқабатты үйлер қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға беріліп келеді.
Пәтер кілттеріне ие болғандардың басым бөлігі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар. Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас қаласындағы тұрғын үй мәселесі оң тұрғыда шешіліп келеді.
Бүгінге дейін Жаңатас қаласында тұрғын үй кезегінде — 1 553 азамат тізімде тұрған еді десек, бұл тізім жылдан жылға қысқара түспек.
Өйткені тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 1,9 млрд. теңгеге 80 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына арналған жоба әзірленді (6 ш/а №№ 16, 17 үйлер).
Оған қоса, 2 шағын аудандағы №32 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарының жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылған.
Бұйырса көптеген отбасы қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенелетін болады. Мемлекеттің мыңдаған азаматтарға жасаған қамқорлығы мен мүмкіндіктерінің нәтижесінде әрбір азамат өз шаңырағының иесі атанып, мерейі таситын күнде алыс емес.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.