Балдырғандарға велотренажер сыйға тартты | arainews.kz

Балдырғандарға велотренажер сыйға тартты

2 659

Күні кеше Халықаралық балаларды қорғау күні барлық жерде кең көлемде аталып өтті. Мерейлі мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев Тараз қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына»  барып, балғындарды құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, велотренажер (жаттығу велосипедін) сыйға тартып, балалардың шынығуына арналған алты турникке сертификат табыс етті. Бұдан бөлек балалар үйіндегі 7 топтың біреуін өз қамқорлығына алғанын да ерекше атап өткен жөн.

Кәмшат Әбдімомынова,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.