Балабақшамен қамту мәселесі толықтай шешімін табады | arainews.kz

Балабақшамен қамту мәселесі толықтай шешімін табады

462

Сарысу ауданындағы 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі оқыту, тәрбиелеу жұмыстарымен қамту көрсеткіші  90,7 пайызды құрайды. Қазіргі таңда аумағындағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту үлесі 84 пайызды құрайтынын ескерсек сарысулықтар бүлдіршіндерін балабақшамен қамтамасыз етуде облыс бойынша көш бастап тұрғанын аңғаруға болады.

Жалпы қай өңірдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына баға беруде  ондағы білім беру  саласының барлық буынындағы соны серпіннің есепке алынатыны белгілі. Әсіресе бүлдіршіндерді балабақшамен, оқушыларды мектеппен қамту ісіне баса назар аударылғаны жөн. Бұл орайда Сарысу ауданындағы білім нысандармен қамту көрсеткіштерінің жоғары ал  онда білім сапасының тиісті стандарттарға сай келетіндігін атап өтпеске болмайды.

Бүгінде Сарысу ауданының білім беру саласының дамуына жалпы білім беретін 27 мектеп пен 10 қосымша білім беру мекемесі үлес қосуда. Сонымен қатар 11 балабақша және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің де аймақтағы білім саласы дамуында өзіндік ізі бар. Жаңа оқу жылында аудан мектептеріндегі жалпы сынып контенингенті 547 сыныпты құрап,онда 8 879 оқушы білім алуды астады. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 541 сынып контенингентінде 8 638 оқушы төңірегінде болған еді.

Білім сапасында жоғары нәтижеге қол жеткізу оқушылардың демалысын жүйелі ұйымдастырудан көрінеді. Ағымдағы жылы  сарысулық мектеп оқушылары   мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде демалды. Өткен оқу жылында 1-10-сыныпты 8365 оқушы  аяқтаған болса 7779 оқушы жазғы сауықтыруға тартылды. Бұл жалпы сарысулық оқушылардың  91,1 пайызын құрайды.

Өз кезегінде ауданда мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту үлесін арттыру бағыттарындағы жұмыстар жалғасын табуда. Сол арқылы мектепке дейінгі мекемелерде кезекте тұрған 335 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиелеу жұмыстарымен қамту мәселесі толығымен шешімін таппақ.

Қай қоғамда болмасын ең ұрпақ тәрбиесі ең өзекті мәселеге жатады. Сондықтан да оны жүйелі ұйымдастыра білу аймақ дамуының негізгі бағытына айналады. Сәйкесінші бұл салаға Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударып, білім беру ісінде жоғары сапаға қол жеткізудің тетіктеріне тоқталады. Әсіресе ауыл мен қала мектебі арасындағы айырмашылықты жою сынды бастамалар Сарысу сынды еліміздің шалғай аудандарында сапалы білімнің берілуіне мүмкіндік бермек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.