Б. Сапарбаев «Жеңіс» саябағы, «Данқ» залымен танысты | arainews.kz

Б. Сапарбаев «Жеңіс» саябағы, «Данқ» залымен танысты

162

Вице-премьер Б. Сапарбаев өткен жылы қайта жаңғыртылған «Жеңіс» саябағымен танысты. Саябақ құрылысы қарқынды түрде атқарылып, оң өзгерістер орын алған. Атап айтар болсақ, тұр­ғындар тіле­гіне орай «Жеңіс» сая­ба­ғы маңындағы Ілияс Жан­сү­гіров көшесіне тағы бір жо­лақ қосылып, кеңейтілді. Мемориалды кешеннің кіребе­рісіне арнайы қақпа орнатылды. Аталған кешеннің екі бас қақпасының биіктігі 8 метр, ені 13 метрлік мәрмәр, травертин тастарынан қаланды. Онда кү­зет сақшыларының мүсіні қойылған. Саябақтың ортасынан «Мәң­­гілік алау» кешені орын ал­ған. Сонымен қатар осы уа­қыт­­қа дейін Жамбыл облыс­тық қазақ драма театрының бір шетінде тұрған Бауыржан Мо­­мышұлының ескерткіші атал­ған саябаққа көшіріліп, мұнда көрермендер үшін арнайы алаң­дар жасалған. Ал «Ба­тырлар» аллеясында Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағының Батыры мен 9 «Даңқ» орденінің барлық дәрежелі иегерлерінің есімдері жазылған үлкейтілген жұлдызшалар орнатылып, «Даңқ» аллеясында Жамбыл облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 105 мыңнан аса жауынгердің есімі алты қатар мәрмәр тасқа қашалып жазылды.

Ендігі кезекте, саябақты жаңғырту жұ­мыстарының келесі сатысында «Даңқ» залының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Мұнда соғыс және тыл  еңбеккерлеріне ар­налған музей, монумент, «Тырналар» ме­мо­риалдары,  сонымен қатар мұнда Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен Семей полигонында жауынгерлік борышын өтегендердің мо­ну­мент­­тері қайтадан жа­ңар­тылған түрде сая­бақтан орын алған.

            Жеңіс саябағындағы «Данқ» залын аралаған Бердібек Сапарбаев өзінің жоғары бағасын берді. «Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ондағы, 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған  қабырғаларға қойылған суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін  еріксіз көз алдына алып келеді. Атап айтсақ, 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генераль-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Ал, залдың 1942-жылға негізделген қабырғасы  «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградтық өреңім» атты отты өлеңі және өзге де дүниелер орын алған. 1943-жылға арналған қабырғада Сталинград, Курск шайқастарына арналған үлкен фотолар жинағы орналасқан. Онда барлығы 1 миллион 300 сурет қамтылған. Сол секілді 1944-45 жылдарға арналған қабырғада Қызыл Әскердің Европаны азат етуін бейнелейтін фотолар жинағы ( 1 миллион 300 сурет) берілген. Сондай-ақ, залда «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін, 1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруі және Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана қаласында өткен салтанатты шараның суреттері де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.

Нысанның екінші қабатында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.