ҚР Парламентінде инвесторлардың бірқатар жүйелік проблемасын шешуге бағытталған заң жобасы қаралуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Аймақтағы инвесторлардың жүйелік мәселелеріне тоқталғым келеді: Бірінші, бұл жер учаскелерін беру мәселесі. Әр өңірде дерлік, жерді алуға көмек көрсетуді қажет ететін инвестициялық жобалар, біздің есебімізше, мұндай 25 жоба бар. Әрбір жоба бойынша әкімдіктермен нақты жұмыс атқарып жатырмыз», — деді ол.
Екіншіден, министрдің айтуынша, бірқатар жобаларды іске асыру инженерлік инфрақұрылым мәселесінің ұзақ мерзімді шешілуіне кедергі келтіреді.
«Бұл мәселе жүйелік сипатқа ие. Қазіргі кезде тиісті механизм әзірленуде. Өңірлерде мұндай оншақты жоба бар», — деді Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, үшінші, құны 5,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 6 жоба бойынша газбен жабдықтау және газ бағасы мәселелері шешілмеген.
«Газды шикізат ретінде пайдаланатын жобаларға газ бағасының мәселесін шешу үшін, газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы және заңға тәуелді актілерді өзгерту қажет. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігімен тиісті заң жобасының Тұжырымдамасы әзірленді»,- деді ол.
Министр дерегенше, төртіншіден, арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне қатысты инфрақұрылымның аяқталмауы жобалармен толтыру, басқарушы компаниялардың тиімділігі сынды бірқатар мәселе бар.
«Қазіргі уақытта Парламентте бірнеше негізгі міндеттерді шешуге бағытталған заң жобасы бар. Олар: салық жеңілдіктері механизмін жетілдіру; Арнайы экономикалық аймақ пен Индустриялық аймақты басқарушы компаниялардың беделі мен мәртебесін нығайту; Арнайы экономикалық аймақ пен Индустриялық аймақ қатысушыларына басқарушы компаниялардың жер учаскелерін берудің жаңа механизмін енгізу; индустриялық аймақтарды реттеу»,- деді Жеңіс Қасымбек.