Ата Заң күнін атап өтті | arainews.kz

Ата Заң күнін атап өтті

117

Еліміз әр жылдың 30 тамыз күні Ата Заңымыз – Конституция күнін тойлайды. Бұл күн – еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуінің негізіне айналған, әрбір қазақстандықтардың еркіндігі мен құқығының кепілдемесі болып саналатын Ата Заңымыздың қабылданған күні. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған.

Осыған орай кең-байтақ мемлекетіміздің төрт тарапында түрлі салтанатты шаралар өтуде. Мерекелік жиыннан Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/2 мекемесі де шет қалмады. Мәселен, бүгін мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар гір тасын көтеруден, белтемірге тартылуда, арқан тартудан және 100 метр қашықтыққа жүгіруден өзара мықтыны анықтады. Сайыстар нәтижесінде білек күші мен ой-қабілетінің ұшқырылығы арқасында бәсекелестерінен оза шығып, жеңімпаз атанғандар мен жүлделді орындарғаие болған азаматтар мекеме басшылығының атынан алғысқа ие болды.

Бұдан бөлек бұл күні шығармашылыққа жақын жазасын өтеушілер Ата Заңға деген құрметін, Отанға деген ыстық ықыластарын қылқаламның көмегімен қағаз бетіне түсірді. Атап айтқанда, сотталған Олег Монастырьский, Мәжит Бүрлібеав пен Андрей Лесниктер  қабырға газеттерін дайындады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.