Аспара қамал-бекінісінің әскери маңызы зор болған | arainews.kz

Аспара қамал-бекінісінің әскери маңызы зор болған

218

Жамбыл облысындағы Меркі мен Қорағаты өзендерінің алқабында өз заманында тіршілігі қайнаған Аспара деген қала болған. Орта ғасырларға жататын бұл қамал бекініс Баласағұн, Тараз қалаларын жаудан қорғауда аса маңызды әскери стратегиялық нысан болғанға ұқсайды.

Қалашық қазіргі Меркі ауданының Андас батыр ауылының шетінде орналасқан. Қазір мұнда қалашықтың төбе қалпында сақталған қирандысын көруге болады. Аумағы 250х360 метрді құрайды. Қалашық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне алынған.

Ғалымдар Аспараны қамалды бекініс болған деген деректер келтіреді. Өйткені ортағасырларда барлық жағынан гүлденген Баласағұн мен Тараз қаласына шабуыл жасауды көздеушілердің қатары қалың болған екен. Қала әмірлері олардан қорғану мақсатында әскери бекініс ретінде Аспара қамалы тұрғызуға бел буады. Аты орта ғасырлық Тараз, Меркі, Испиджаб (Сайрам) қалаларымен қатар аталатын Аспара қамалы туралы деректер көп кездеседі.

Сондай-ақ ел арасында аталған қамал жайындағы аңыз, жырлар да көп. Мәселен қазір күні Түркияны мекендеп, әмірін жүргізген Аспарух ханның арғы тегі де осы өлкеден шыққан. Ал жазба деректерде Аспара қалашығы VІІ ғасырдың бірінші жартысынан белгілі болды. Қытай деректеріне ол Осуболай атауымен енген. Ал Ибн Хордадбек, Құдамай сынды ғалымдар бұл қамал бекіністің Меркі елді мекені маңында Жібек жолының бойында орналасқандығы баяндалады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.