Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізуде. Жиын барысында Асқар Исабекұлы Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндайды. Сонымен қатар, өзге де маңызы бар салалардағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталмақ.