Тәрбиелік бағыттағы фильм көрсетілімі ұйымдастырылды - arainews.kz

Тәрбиелік бағыттағы фильм көрсетілімі ұйымдастырылды

12

Демалыс күндеріне арналған жоспарға сәйкес, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, сотталған азаматтарға көркем фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың мәдени-рухани дамуына ықпал ету, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуін қамтамасыз ету және құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болып табылады. Көрсетілген фильм мазмұны адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, өмірлік маңызы бар ой түюге бағытталды.
Фильм көрсетілімі барысында сотталған азаматтар белсенді қатысып, өзара пікір алмасты. Мұндай мәдени-тәрбиелік шаралар сотталғандардың оң мінез-құлық қалыптастыруына, қоғамдық өмірге бейімделуіне және бос уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді.
Алдағы уақытта да Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі әкімшілігі тарапынан сотталған азаматтармен тәрбиелік бағыттағы мәдени іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.