«ARAI»-дың Айжаны үздіктер қатарында | arainews.kz

«ARAI»-дың Айжаны үздіктер қатарында

217

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мен Жамбыл облысы «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бойынша журналистер арасында өткізілген республикалық байқауда бірқатар әріптестеріміздің мерейі үстем болды.
Үздіктер қатарында әріптесіміз, облыстық «ARAI» газетінің тілшісі Айжан Өзбекова жүлделі І орынға ие болды. Жүлдегерлерді облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» басшылығы құттықтап, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.
Облыстық «ARAI» газетінің ұжымы жүлдегер әріптестерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.