Жазасын өтеушілердің денсаулығын тексерді

Қазақстан Республикасының Ата заңында мемлекеттің ең қымбат капиталы – оның азаматтары екені тайға таңба басқандай анық жазылған. Бұл мақсатта, ел тұрғындарының денсаулығын сақтау, сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл қатардан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан жандар да шет қалып жатқан жоқ.

Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/2 мекемесінде сотталған азаматтардың денсаулығын тексеру мақсатында ауқымды шара өткізілді.

 Осылайша, мекемеге Тараз  қалалық №4 емханасынан невропатолог, окулист, ЛОР, хирург, кардиолог, стоматолог, психиатр, терапевт дәрігер мамандары келіп зерттеу жұмыстары өткізілді. келген болатын.

Денсаулық сақтау саласының мамандары өз сапары барысында мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке қабылдап, сотталғандардың барлығына қосымша медициналық көмек көрсетті.

Comments (0)
Add Comment