Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесі арнайы есеп бөлімінің бастығы Шапағат Жұмабекова сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жаза мерзімін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері көтерілді. Жазасын өтеушілерді мұқият тыңдаған әділет майоры олардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, өтініштері заң аясында қаралатынын жеткізді.
Ұлдана Жашан,
ЖД-158/4 мекемесі арнайы есеп бөлімінің инспекторы