«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрымова Гүлдара Алданышқызы Жол картасы аясында №83 көрсетілген «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жұмыстарымен танысты.
Жұмыс барысымен Тараз қаласы әкімдігі апаратының аумақтық бас инспекторы Е.Үдербаев пен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директордың орынбасары Т.Камал таныстырды.
«Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын 2005 жылы бастаған. Жоба аясында жастар экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау бағытында тер төгіп келеді. Осы жылдар ішінде облысымызда 30 мыңға жуық жас еңбек еткен.
«Жасыл ел» — тек тазалықты сақтап қана қоймай, достық ортаны да қалыптастыруға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жоба.
“Жасыл ел” жасақтары наурыз айынан бастап жұмыс жасап келеді. Биылғы жылы 440 жасты жұмыспен қамту көзделуде. Киім-кешек, құрал-жабдықтармен қоса алғанда “Жасыл ел” жасақтарына 27 млн. теңге қарастырылған. Бүгінге дейін 269 жас жұмыс жасап бітірді. Бүгінгі күні екі ауысымда жұмыс жасауда азаңғы ауысымда 70 жас. Түскі ауысымда 80 жас жұмыс атқаруда. Жұмыс уақытысы 6 сағат.
Осында жұмыс жасап жүрген Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің 3 курс студенті Қ.Ұзақбаев қоғамдық көліктер аранайы білімгерлерге тариф орнатса деген ұсынысын айтты.

Comments (0)
Add Comment