Жарқын жоба жалғасын табады

ТИГУ-дің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығында студент жастар Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саировпен кездесті.
Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «100 жаңа есім» жобасы әңгіме өзегіне айналды. Жақында ғана өз бастауын алған жобаның екінші кезеңінде көптеген ерекшеліктер бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров мәлімдеді. Жастар арасында еңбек адамдары мен өз кәсібін шексіз сүйетін жандардың өмірін үлгі етуге арналған осынау кездесулердің университет студенттеріне берері мол болмақ.

Comments (0)
Add Comment